Шымкентте үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығы орын алған

0
873

Пәтер ұрлықтарына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.


Шымкентте үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығы орын алған

Шымкентте үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығы орын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін Криминалды полиция, Әкімшілік полиция, Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылып, олар бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеді.

Жедел-профилактикалық іс-шара қала аумағын толық қамтып, үш күндік рейд барысының нәтижесінде 48 пәтер ұрлығыашылып отыр.

Пәтер ұрлықтарына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.