Шымкентте үш жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті

0
1 084

Қазіргі таңда жағдайы орташа ауыр.


Шымкентте үш жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті

Шымкентте үш жасар қыз терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 28 мамыр күні Әл-Фараби ауданы, Республика даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған.
“2020 жылғы қыз бала тұрғын үйдің 5-қабатынан белгісіз жағдайда құлап кеткен. Ол орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы орташа ауыр. Оқиғаның орын алу себебін Әл-Фараби аудандық полиция қызметкерлері анықтауда”, - делінген баспасөз хабарламасында.