Шымкентте үздік редакция мен журналистке 1 миллион теңге беріледі

0
1 605

Шымкентте БАҚ өкілдері арасында байқау ұйымдастырылады.


Шымкентте үздік редакция мен журналистке 1 миллион теңге беріледі

Шымкенттік БАҚ өкілдері арасында түрлі бағытта байқаулар өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін бұл туралы Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева атқарылған және алдағы жұмыстары жөнінде өткізген баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше алдағы уақытта Шымкентте БАҚ өкілдері арасында "Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы" атты байқауын өткізуді көздесе, "Үздік номинациялар - 2019" шығармашылық байқауын, сондай ақ БАҚ өкілдері арасында өтетін дәстүрлі Спартакиаданы да ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

"Байқау ережесі бойынша БАҚ өкілдері Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты позитивті материалдарын 2019 жылдың 07 желтоқсан, сағат 17.00-ге дейін тапсыруы керек. Аталған шығармашылық байқауына 2019 жылдың 04 қазанынан - 07 желтоқсанға дейінгі электронды және баспа БАҚ-та жарияланған немесе көрсетілген шығармашылық жұмыстар қабылданады", - дейді басқармасының басшысы Жанар Бектаева.

Сондай-ақ жиында байқауға ұсынылған жұмыстар "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бәсекелік қабілет", "Прагматизам", "Ұлттық бірегейлікті сақтау" "Білімнің салтанат құруы", "Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы", "Сананың ашықтығы" бағыттарына сәйкес мақалалар қабылданатындығы айтылды. Сонымен қатар, әрбір қатысушы немесе ұжым аталған алты бағыттың әрқайсысына тек бір ғана жұмысын ұсынуға мүмкіндік алтындығы белгілі болды.