Шымкентте заңсыз алкоголь өнімін дайындайтын жасырын цех анықталды

0
3 039

Өндірілген өнім Шымкент қаласының аумағында сатылып келген.


Шымкентте заңсыз алкоголь өнімін дайындайтын жасырын цех анықталды

Шымкентте заңсыз ішімдік дайындайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша жалған есепке алу-бақылау маркасы бар алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех қызметінің жолы кесілді.Өндірілген өнім Шымкент қаласының аумағында сатылып келген.


- Тексеру барысында жалған ЕБМ бар «Русская на бруньках» және «Березовая» маркалы 2 мың бөтелкеден астам алкоголь өнімі, 160 литр спирт, 10 мыңнан астам марка, сұйықты араластыруға арналған сорғы, алкогольге арналған 140 бос қорап және 80-нен астам бос бөтелке, 400-ден астам қақпақ тәркіленді, - делінген хабарламада.


Комитеттің мәлімдеуінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптама мен тергеу амалы жүргізіліп жатыр.