Шымкентте заңсыз құрылыс тоқтатылды

0
831

Мердігерге айыппұл салынды.


Шымкентте заңсыз құрылыс тоқтатылды

Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылған болатын. Бүгінде құрылыс үшін қазылған орын топырақпен толтырылып, қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрылысты жүргізіп отырған «Комфорт building» құрылыс компаниясының сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаты жоқ екені анықталған.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы бойынша заңсыз құрылыс тоқтатылып, мердігерге айыппұл салынған болатын.
Енді бұл аумақта тұрғындардың қалауымен гүлзар немесе әмбебап спорт алаңы салынатын болады.