Шымкентте "Зергерлік бұйымдар - 2021"көрме-жәрмеңкесі басталды

0
2 851

Көрме 3 күнге созылады.


Шымкентте

Шымкент қаласының "Көрме" орталығында "Зергерлік бұйымдар - 2021"көрме-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрмеңкеде еліміздегі зергерлік бұйымдарды (алтын, күміс, бағалы тастар және т. б.) өндіретін және сатумен айналысатын компаниялар, дүкендер, сауда орындары мен жеке кәсіпкерлердің өнімдері мен жұмыстары кеңінен таныстырылып, насихатталды.


ROZA GOLD, Aiaulym Gold, Tomiris collection, Zepter, Labro_dom, Aizado silver, KAZAKHUVELIR, ALEM_GOLD. KZ, Икрамжан Мұхамеджан, Әшірбек Желдібаев сияқты жәрмеңке қатысушылары өнімдерін жарнамалап қана қоймай, сатылым алаңы кеңейіп, қызығушылық білдірген көрермендерге өз өнімін сатуға мүмкіндік берілді.

Халық шеберлері мен ұсталарының ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін көрсете білгені осы жәрмеңкеде тағы бір айшықталуда.

Айта кетейік, аталған көрме 3 күнге созылады, 13 ақпанға дейін сағат 11.00-18.00 аралығында жалғасады.