​Шымкентте жағармайды қолдан жасап, оны бекеттерге сатып жүрген қылмыстық топ анықталды

0
806

Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегі бойынша келтірілген залалдың болжамды соммасы 12 млн 213 мың теңгені құраған.


​Шымкентте жағармайды қолдан жасап, оны бекеттерге сатып жүрген қылмыстық топ анықталды

Шымкентте жағармайды қолдан жасап, оны бекеттерге сатып жүрген қылмыстық топ анықталды. Тексеру нәтижесінде 68 230 литр дизельдік отын тәркіленіп, аталған дерек бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегі бойынша келтірілген залалдың болжамды соммасы 12 млн 213 мың теңгені құраған.

«Қаланың бірнеше тұрғыны жабдықталған жасырын цех ішінде дизельді отынды арзан пеш жағар майымен араластырып, үлкен көлемде сапасыз жағармай жасап отырған. Әрі қарай аталған аталған «өнім» Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы автожанармай құю бекеттеріне жеткізіліп, нәтижесінде алаяқтар баға айырмашылығымен заңсыз пайда тауып жүрген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 197 бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген», делінген хабарламада.