Шымкентте «Жайдарман» ойындарының жартылай финалы өтті

0
1 870

Бұл өнер додасы Шымкент қаласы әкімінің кубогы үшін өтіп жатыр.


Шымкентте «Жайдарман» ойындарының жартылай финалы өтті

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығында» «Бір қадам» тақырыбымен қалалық Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, белгілі әзіл-қалжың шебері Марат Достаев жетекшілік ететін бұл сайысқа Шымкент қаласындағы ЖОО-лар мен «Нұр-Үміт» өнер орталығының атынан 8 – «Хэштег», «Фаворит», «Томирис», «Старшак», «Парасат», «Капитан», «Достық ұландары» және «Миллион» жайдарман командалары қатысып, оның ішінде үздік деп табылған 4 топ финалға жолдама алды. Ақтық сында өнер көрсететін командалар – «Хэштег», «Капитан», «Достық ұландары» және «Миллион» топтары.

Сондай-ақ, ойын деңгейіне тоқтала кетсек, жаңа маусымның алғашқы жартылай финалында тәжірибелі және жас командалар дайындықтары қарқынды екенін көрсетіп, астарынан бүгінгі күннің басты тақырыптарын ұғатын әзілдерді ұсынды. Одан бөлек, көрерменді күлдіре алмаған қойылымдар да болып, тиісінше, әр команда әділ қазылар алқасынан өздері көрсеткен өнеріне лайықты бағаларын алды.

Айта кетейік, жартылай финалдан оқ бойы озып шыққан Жайдарманшылар алдағы уақытта Шымкент қаласы әкімінің кубогы үшін өтіп жатқан бұл байқаудың ақтық сынында өз өнерлерін көрсетеді.