Шымкентте жалған шот-фактура жасаған қылмыстық топ ұсталды

0
942

Олар шартты түрде 3 жылға сотталды.


Шымкентте жалған шот-фактура жасаған қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте қылмыстық топ сыйақы алу мақсатында 600 млн. астам сомаға жалған шот-фактуралар жазу үстінде ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде қала аумағында бір топ азаматтың алдын-ала сөз байласып, аса ірі көлемде іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды.
ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметіның мәліметінше, алдын-ала сөз байласқан 4 азамат 615 млн. теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн.теңге, яғни жалпы соманың 6,5% сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 216 бабының 3-б. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.