Шымкентте жаңа 4 бағытқа автобустар жүре бастады

0
2 422

Қоғамдық көліктердің қозғалыс интервалы - 20-30 минут болады.


Шымкентте жаңа 4 бағытқа автобустар жүре бастады

Бүгін Шымкент қаласында тағы да жаңа 4 бағыттағы автобус жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жұматаев Қуатжан Әзімбайұлы өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында жариялады.

"Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін әлеуметтік маңызы бар 142, 143, 144, 146, автобус бағыттары өз жұмыстарын бастады.

142 автобус бағыты Текесу шағын ауданына, 143 автобус бағыты Бадам-2 шағынауданына, 144 автобус бағыты Жыланбұзған, Айнатас, Елтай шағынауландарына, 146 автобус бағыты Жаңаталап, Көкбұлақ, Алтынтөбе шағынаудандарына қатынайды. Аталған автобус бағыттарының жұмыс кестесі сағат 07-00 ден сағат 21-00 дейін, қозғалыс интервалы 20-30 минут", - делінген басқарма басшының жазбасында.