Шымкентте жаңа оқу жылында 20 мектеп ашылды

0
731

Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа мектеп ашылады.


Шымкентте жаңа оқу жылында 20 мектеп ашылды

Шымкент қаласында мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы жаңа оқу жылында қалада 20 жаңа мектеп ашылып, 2 мектептің қосымша корпусы аяқталды. Осылайша мегаполисте апатты мектептер жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азайды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа мектеп ашылады.
«Тұран» шағын ауданында ашылған жаңа мектеппен танысу барысында қала әкімі М.Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамып келетінін айтты.
Сонымен бірге қала басшысы 2025 жылға дейін мегаполисте 72 мектеп салу жоспарланғанын айтып, оның ішінде осы жылы 24 мектептің құрылысы салынып, бүгін 20 білім ұйымы пайдалануға берілгенін жеткізді. Бұдан бөлек, екі мектеп жанынан қосымша оқу корпусы салынды. Жыл соңына дейін тағы 4 мектеп ашылады деп күтілуде. Осылайша биылғы жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастап отырмыз деген әкім 2023 жылға дейін қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетінін мәлім етті.