Шымкентте жаңа жылдық шыршаны безендіруге бюджеттен 34 миллион теңге бөлінген

0
2 547

Бюджеттен бөлінген қаржыға қаланың 2 жеріне шырша орнатылады.


Шымкентте жаңа жылдық шыршаны безендіруге бюджеттен 34 миллион теңге бөлінген

Шымкентте жаңа жылдық шыршаны безендіруге бюдеттен 34 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Ерубай Құралбаев мәлімдеді.

Бюджеттен бөлінген қаржыға қаланың 2 жеріне шырша орнатылады. Ең басты шырша шаһардың әкімшілік іскерлік орталығының алдына қойылды. Оның ұзындығы 25 метр. Жаңа жылдың басты символы жүздеген түрлі-түсті жарық шамдармен безендірілген.

Қалада негізінен шырша шамдары ресми түрде 25 желтоқсанда жарқырайды. Шаһарда өткен жылдары безендіру жұмыстары кәсіпкерлердің есебінен жүргізілген еді. Ал бюджет қаржысы тұрмысы төмен отбасылардың балалары мен жетім-жесірлерге жұмсалған болатын. Сол уақытта 5 мың бүлдіршін әкімдіктен материалдық көмек алған. Биыл ондай қайырымдылық шарасы қарастырылмаған.

- Биыл 10 метрге дейінгі биіктікте 25 метрге жуық үлкен негізгі шырша орнатылады. Қазақи дәстүрге сәйкес киіз үй пішіндес үлкен айнала жарықпен безендірілген сәулеттік пішіндер басқа да жаңағы әртүрлі жобада бекітілген пішіндер орнатылады. Сонымен қатар қаланың орталық бөлігінде Республика даңғылында екінші шыршамыз орнатылады. Биылғы жылы жалпы жаңа жылдық безендіру жұмыстарына 34,2 млн теңге қаржы қаралды, - деді қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Ерубай Құралбаев.