Шымкентте жаңа жылдың алғашқы күні 70-ке жуық нәресте дүниеге келді

0
3 446

Жаңа жылдың алғашқы 4 күнінде қалада 303 сәби өмірге келген.


Шымкентте жаңа жылдың алғашқы күні 70-ке жуық нәресте дүниеге келді

Мереке күндері мегаполис тұрғындарының саны 69 адамға көбейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дүниеге келген сәбилердің 34-і ұл бала болса, 35-і қыз бала. Ал 2 қаңтар күні егіз қыздар дүние есігін ашты.

Жалпы жаңа жылдың алғашқы 4 күнінде қалада 303 сәби өмірге келген. Сәбилердің 142-сі ұл бала, 161-і қыз бала.