Шымкентте жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілмейді

0
2 741

Биыл қалада мерекелік отшашуға да тыйым салынды.


Шымкентте жаңа жылға арналған мерекелік  іс-шаралар өткізілмейді

Шымкентте жаңа жылға арналған мерекелік отшашу мен концерттік іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл дәл осындай мерекелік концерттерді тамашалай алмайсыз. Карантиндік шектеуге байланысты тұрғындар жаңа жылдық қойылымдарды тек көгілдір жәшік арқылы ғана көреді. Себебі жаңа жылды әркім өз шаңырағында қарсы алмақ.

Биыл қалада тіпті мерекелік отшашуға да тыйым салынған.

- Биыл ғана енді қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, қауіпсіздендіру мақсатында өздеріңіз естіп жатқандай биыл от шашу тоқтатылды. Бірақ соған қарамастан биыл алаңдарда шыршалар тұрғызылған, шыршалар орнатылып безендірген. Шымкенттіктер немесе қала қонақтары барып сол жерге серуендесе, суретттерге түссе болады,- дейді Шымкент қалалық мәдениет үйі концерттік ұйымының директор орынбасары Марат Оразметов.

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы мен ведомствоаралық шешіміне сәйкес биыл жаңа жылды тойлаудың барлық түрлеріне шектеу қойылды.

Қала тұрғындарына әкімшілік тарапынан ұйымдастырылатын дәстүрлі отшашуды тамашалай алмаса да, өз аулаларында салют атуға рұқсат берілген.