Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1000-нан астам отбасыға көмек берілді

0
943

"Nur Otan" партиясының шымкенттік белсенділері қаладағы жәрдемге мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті.


Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1000-нан астам отбасыға көмек берілді

Шымкент қалалық "Nur Otan" партиясы белсенділері қаладағы жәрдемге мұқтаж 1000-нан астам отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- 20 наурыздан бастап "Nur Оtan" партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер жұмылдырылып, жәрдемге аса мұқтаж отбасыларға сақтану шараларын ұстана отырып, «контактсыз» тәсілмен санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырды. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімі Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ұсынған «Ізгілікте жарысайық» және «Мейірім» қайырымдылық қорларынан алынған. Бүгінгі таңда қаладағы жәрдемге аса мұқтаж 1000-нан астам отбасыға қажетті тауарлармен көмек көрсетілді, - деді "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.