Шымкентте жас дарындар марапатталды

0
2 337

«Ең үздік олимпиадалық команда 2021» номинациясының иегерлері марапатталды.


Шымкентте жас дарындар марапатталды

Шымшаһарда әз-Наурыз мерекесі қарсаңында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық/қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен салтанатты шарада жүлдегер оқушылар мен оларды білім бәйгесіне қосқан ұстаздарын педагогика ғылымдарының кандидаты, қалалық Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кәсіптік бағдар беру орталығының директоры Мұрат Айтуреев арнайы құттықтап, дарынды жастарды әрдайым қолдайтынын және шаһардағы үздік оқушылардың одан әрі дамуы үшін жағдай жасалып жатқанын атап өтті.
Іс-шара барысында білім додасында үздік нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алған 85 оқушы мен «Ең үздік олимпиадалық команда 2021» номинациясының иегерлері марапатталды. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына атсалысып жүрген мектеп директорларына да алғыс хаттар табысталды.
Айта кетейік, олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілді.