​Шымкентте жас экономистердің халықаралық сайысы өтті

0
1 450

ОЛ 1989 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2007 жылы №8 мектеп гимназиясын тәмамдап, кейіннен КИМЭП пен Ұлыбританиядағы университетте оқып бітірген. 2013 жылдан бастап Инвестициялар және даму министрлігінде еңбек еткен.


​Шымкентте жас экономистердің халықаралық сайысы өтті

Шымкент қаласындағы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы № 8 мектеп-гимназиясында Шерхан Егізбаев атындағы жас экономистер сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Додаға биыл алғаш рет Ресейдің Белгород, Липецк және Новосибирск қалаларынан жасөспірімдер қосылды.

Экономика, менеджмент саласынан ой ұшқырлығын ортаға салған жасөспірімдер жарысы биыл үшінші рет өткізіліп отыр.
Ойын қорытындысын арнайы компьютерлік бағдарлама есептеп шығарды.
Жастар сайысын осы білім ұясының шәкірті марқұм Шерхан Егізбаевтың отбасы толықтай қаржыландырды. Осы білім ордасының үздік оқушысы, халықаралық олимпиадалар жүлдегері болған шәкірт Шерхан Мұқанұлы қысқа да жарқын ғұмырында биік белесті бағындырған. Небәрі 26 жасында жарық жалғанмен қоштасқан шәкірт қысқа ғұмырында биік белестерді бағындырып үлгерді. Халықаралық олимпиадалар жүлдегері атанып, әлемнің үздік оқу ордаларында білімін шыңдаған шәкірт еңбек жолында да белестерді бағындырып үлгерген еді.
- Шерхан ұлымыздың туған күні оны еске алып, еңсеміз түсіп егіліп отырмыз. Ол осы мектепті үздік аяқтап, шетелде оқып, ғылыми атақ алып, министрлікте қызмет етті. Сіздерге де сондай даңқ - дәрежеге жетуге тілектеспіз, деді Шерханның атасы Кеңесбек Егізбаев.
Жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келе жатқан Егізбаевтар отбасы ұлдары тәлім алған білім ошағына заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу бөлмесін ашып берген.
Шерхан ұстаздары мен жолдастарының жадында білімге деген құштарлығы мен спортқа әуестігімен, ашық - жарқын мінезімен сақталған.
- Біздің асыл баламыздың атынан өтіп жатқан турнир биыл халықаралық дәрежеге жетті. Ресейден жастар қосылып жатыр. Келешекте ел аумағын қамтитын сайыс болады, деп сенеміз. Шерхан секілді жан - жақты дамыған ойшыл болыңыздар, деді Айнұр Сахова Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы № 8 мектеп-гимназиясының директоры.
13 командадан тұратын жарыс қорытындысы бойынша Ресейлік оқушылар бас жүлдеге ие болды.
Бас жүлде - Континент тобы, Белгород
1 орын - Legion тобы, № 8 гимназия
2 орын - West № 41 мектеп- лицейі
2 орын - WinWin № 1 мектеп
3 орын - Baiterek тобы, Бәйтерек мектебі
3 орын- Future сш № 84 мектеп
3 орын - Экохайп тобы, Липецк қаласы
Егізбаев Шерхан Мұқанұлы 1989 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2007 жылы №8 мектеп гимназиясын тәмамдап, кейіннен КИМЭП пен Ұлыбританиядағы университетте оқып бітірген. 2013 жылдан бастап Инвестициялар және даму министрлігінде еңбек еткен.