Шымкентте жас келіншек көпқабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кетті

0
1 291

Келіншектің күйеуі: «Кәдімгі отбасылық кикілжің ғой. Бұлай істейді деп ойламадым».


Шымкентте жас келіншек көпқабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

1 қыркүйек күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының тұрғыны көпқабатты тұрғынүйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен тәртіп сақшылары жедел жәрдем қызметін шақырып, жасы 24-25 шамасындағы келіншек Шымкенттегі Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

«Қазір үшінші қабаттан құлап өзін өзі мертіктірген әйел Шымкент қалалық нөмірі бірінші аурухананың кеуде қуысы хирургиясы (торакальная) бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлер жағдайын бірқалыпты, орташа ауыр деп бағамдап отыр», - делінген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Көршілерінің айтуынша, болған жағдайға келіншектің жұбайы да есеңгіреп қалып, «кәдімгі отбасылық кикілжің ғой, бұлай істейді деп ойламадым» деп айтқан көрінеді.

Айта кетейік, қазір аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК нің 105 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.