Шымкентте жасөспірімдер арасында баскетболдан жарыс өткізілді

0
527

Ойында белсенділік танытқан жас спортшылар арнайы дипломдармен марапатталды.


Шымкентте жасөспірімдер арасында баскетболдан жарыс өткізілді

Шымкент қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жасөспірімдер арасында баскетболдан жарыс өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарыс Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен “Құрсай” елді-мекенінде өткізілді.

Аталған шара барысында жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, ойында белсенділік танытқан жас спортшылар арнайы дипломдармен марапатталды.