Шымкентте жасөспірімдер арасындағы жанжалдарды шешу мақсатында кездесу өтті

0
776

Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметкерерімен қатар 10-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналары қатысты.


Шымкентте жасөспірімдер арасындағы жанжалдарды шешу мақсатында кездесу өтті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастамасымен «Жасөспірімдер арасында болып жатқан жанжалдар және олардың шешу жолдары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, 2019 жылдың 9 қыркүйегінде Шымкент қаласындағы екі мектеп оқушылары арасында төбелес орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты мұндай жағдайлардың алдын алу үшін Полиция департаментінің бастамасымен «Жасөспірімдер арасында болып жатқан жанжалдар және олардың шешу жолдары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметі басқармасының, Еңбекші ауданы Полиция басқармасының, Прокуратура, Білім басқармасының қызметкерлері, психологтар, директорлар мен мұғалімдер, 10-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналары қатысты.

Сонымен қатар, шара барысында кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені және есірткі заттарын таратқаны үшін, ұрлық, тонау, қорқытып алу мен дене жарақаттарын келтіргені үшін жауап беретіні туралы айтылып, мектеп оқушыларына бұл құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың қалай жіктелетіні, қай жастан бастап әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны мен оларды жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді.