Шымкентте жастар арасында футболдан жарыс өткізілді

0
551

Жарыс шалғай ауданда орналасқан Құрсай елдімекенінде өткізілді.


Шымкентте жастар арасында футболдан жарыс өткізілді

Шымкент қаласындағы шалғай елдімекендерде орналасқан жастарға футболдан жарыс өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс шара Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен өткізілді.

Аталған шараның мақсаты:

- Бұқаралық спортты дамыту;

- шалғайда орналасқан жастарды спортқа тарту;

- олардың бос уақытын тиімді пайдалану;

- салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Жарыс шалғай ауданда орналасқан Құрсай елдімекенінде өткізілді.