​Шымкентте жастар мәслихаты құрылады

0
1 167

Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүше бола алады.


​Шымкентте жастар мәслихаты құрылады

Шымкент қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев Қоғамдық кеңесінің отырысында жастар мәслихатын құруды ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеңес отырысына қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Шымкенттің әрбір төртінші тұрғыны жастар болып табылатынын айтып, жастар мәслихатының құрылуы уақыт талабы екенін жеткізді.

Жиында қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Ж.Қалтаев жастар мәслихатына сайлауға түсетін үміткерлердің кімдер бола алатынын атап өтті.
Оның айтуынша, жастар мәслихатына Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүше бола алады. Жалпы мәслихат 29 жас депутаттан құралып, өкілеттілігі екі жылға созылады.
«Әрбір сайлауға қатысушы кандидат қоғаммен етене қарым-қатынас жасап, тұрғындардың қалай өмір сүріп жатқандығынан хабардар болуы шарт. Жастар мәселесінде шешілмей жатқан түйіндерді анықтап, оларды шешу жолдарымен ұсынатын сайлауалды бағдарламалары да болуы қажет. Себебі олар билік басында қала жастарына тұрғын үй беру, жұмыссыздық деңгейін төмендету жалпы жастарды әлеуметтендіру мәселелеріне қатысты күрделі шешім қабылдайтын болады», - деді басқарма басшысы.
Жастарды қолдау – бұл еліміздің болашағына салынған инвестиция екенін алға тартқан қала басшысы сайлау ашық, әрі әділ өту үшін онлайн режимде өткізуді ұсынды.