Шымкентте жастардың қатысуымен психологиялық семинар-тренинг өтті

0
607

Семинар-тренингтің мақсаты жастарды тек армандап қана қоймай, арманды мақсатқа айналдыра отырып, орындауға әрекет жасауға үйрету.


Шымкентте жастардың қатысуымен психологиялық семинар-тренинг өтті

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Абай ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен «Арманды мақсатқа айналдыру» тақырыбында психологиялық семинар- тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Семинар-тренингтің мақсаты жастарды тек армандап қана қоймай, арманды мақсатқа айналдыра отырып, орындауға әрекет жасауға үйрету.
Аталмыш трениг барысында жастарға психологиялық ой-түйсікті қалыптастыруға арналған әр түрлі ойындар жүргізілді.
Семинар-тренингте барлық санитарлық -эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyh қосымшасымен кіргізілді.