Шымкентте «Жасыл ел» бағдарламасы жүйелі жұмыс жасауда

0
3 846

50 миллионнан астам ағаш отырғызып, 130 мың гектар жерде жұмыс жасаған.


Шымкентте «Жасыл ел» бағдарламасы жүйелі жұмыс жасауда

фото: ump.kokos.kz

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы жүйелі жұмыс атқаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласын көркейту мақсатында қала жасатарынан құралған жұмыс тобы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенті, бағдарламаға қатысушы Арайлым Ерен:

«Біз бұл туралы куратордан естідік және бірден барып жазылдық. Жаздағы уақытымды құр өткізбей, қосымша ақша табу мақсатында жұмыс істеп жатырмын. Жұмыс істегеніме 1 ай уақыт шамасы болып қалды. Уақытымыз қызықты өтуде және ең бастысы қоғамға пайдамыз тиюде», - дейді.

Атап айтсақ, бұл бағдарламаға қатысушылар орман шаруашылықтарын, қалар мен аудандағы орталық көшелерді, саябақтарды көріктендіруге жұмылдырылған.

Айта кетейік, 2005 жылы балталған бұл жобада 250 мыңнан астам жұмыс жасаған жастар 50 миллионнан астам ағаш отырғызып, 130 мың гектар жерде көріктендіру шарасын жасаған.