Шымкентте жаттығу терапиясы бар балабақша ашылды

0
3 067

Балабақшада сумен ширықтыру және жаттығу терапиясы (физиотерапия) бар.


Шымкентте жаттығу терапиясы бар балабақша ашылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Кіші Самал шағынауданында «Лилия» балабақшасы ғимаратының ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балабақша 100 орынға есептелген, дегенмен, ондағы 75 орынға мемлекеттік тапсырыс бар. Ондағы жолдама алған балалар үшін төленетін төлем ақы көлемі мемлекеттік балабақшалармен теңестірілген. Балабақшада 4 топ бар, оның бірі, яғни, 2-3 жастағы бүлдіршіндер тобы жеке меншік иелігіне қарайды.

Балабақша ұжымының ұстанған негізгі бағыты - бүлдіршіндерді салауатты өмір салтына баулымақ. Мұнда заманауи «сауықтыру жолдары» жан-жақты ойластырылған. Балалардың денсаулығын шынықтыру шараларына белсенді қатысуға мүмкіндігі бар.

Сумен ширықтыру және жаттығу терапиясынан (физиотерапия) бөлек, мұнда музыка, хореография және ағылшын тілдерінде қосымша сабақтар жүргізіледі.

Айта кетейік, 2018 жылы 459 мектепке дейінгі мекемеде 69 764 бала білім алады.

88 балабақша мемлекет меншігі болып табылады. Онда 24 261 бүлдіршін қамтылған, мектеп жанынан ашылған 20 шағын орталықта - 1070 бала, 351 жеке меншік иелігіндегі балабақшада – 32 572 бала бар. Мектепке дейінгі білім беру топтарында (5-6 жас) - 11 861 бала қамтылып отыр.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, балабақшаларда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 87,9 пайызы (30 546 бала) қамтылған. 2018 жылы бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 46 балабақшаға мұқтаждық бар және олардың барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынатын болады.