Шымкентте жедел жәрдем көліктерінің дабылы қатты шығатын болды

0
1 105

Дабыл жүйесі сағат 8:00 мен 23:00 аралығында жоғарғы деңгейде жұмыс істейді.


Шымкентте жедел жәрдем көліктерінің дабылы қатты шығатын болды

Шымкент қаласында жедел жәрдем көлігіндегі дабыл жүйесінің дауысы енді жоғарғы деңгейде жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша бұл мемлекеттік стандартқа сай өзгеріс. Яғни, жедел жәрдем көліктеріндегі дабыл жүйесі сағат 8:00 мен 23:00 аралығында жоғарғы деңгейде жұмыс істейді. Ал, 23:00-ден кейін дабыл дауысы өшіріліп, тек сирена қосылады.

Еске салсақ, осы уақытқа дейін жоғарғы дауысты дабыл жүйесі тек шұғыл ауыр жағдайларда ғана қосылатын. Енді, жаңа жүйеге байланысты жедел жәрдем қызметінің жұмысы ширап, жаңадан берілген жедел жәрдем көліктері де тұрғындардың сұранысын қанағаттандыра түскен көрінеді.