Шымкентте жедел жәрдем мен жеңіл автокөлік соқтығысты

0
480

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Шымкентте жедел жәрдем мен жеңіл автокөлік соқтығысты

Шымкент қаласында жедел жәрдем мен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 29 шілде күні Жаңақұрылыс және Байшұбар көшелерінің қиылысында «NISSAN TIIDA» маркалы автокөлік жедел жәрдем автокөлігіне соқтығысқан.

"Оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға қаралып, үйіне қайтарылды. Ал 1989 жылы туылған жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөліміне түсті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.