Шымкентте жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды

0
2 398

Жарылыстан 2 адам жарақат алды.


 Шымкентте жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Шымкентте газ баллоны жарылып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

7 қаңтар таңғы 06:20 кезінде кезекші диспетчер қызметіне Еңбекші ауданының Жұлдыз шағынауданында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде сыйымдылығы 50 литрлік газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жарылыс 30 шаршы метр аумақты шарпып, қабырғаның құлауына әкеліп соқты. Үйдің жалпы ауданы – 144 шаршы метр. Оқиғаның алдын ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау. 6 қаңтар кешкісін үй иесі қауіпсіздік техникасын бұзып, баллонды газбен толтырған, сосын оны үйдің ішіне кіргізген.

Түнде газдың иісін сезіп, үй иесі тексеруге тұрған, абайсызда электр жарығы қосылған. Осы себепті газ ауа тарсылы, содан кейін жарылыс болған. Жарылыстан 1985 жылы туған әйел зардап шекті. Оның екі қолын, аяқтары және бетінің 23% күйік шалған. 2006 жылы туған үй иесінің қызы кеуде қуысының жарақаты диагнозымен, орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында ТЖД 13 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері жұмыс істеді.