Шымкентте жергілікті жастар өзбекстандық студенттерді ұрып-соғып келген

0
1 239

Бұл қысымға шыдамаған студенттер шағым жасап, Өзбекстан билігі отандастарын қорғауға шешім қабылдаған.


Шымкентте жергілікті жастар өзбекстандық студенттерді ұрып-соғып келген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Өзбекстан билігі Шымкенттегі Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде оқитын өзбек студенттерді қорғау үшін шаралар қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ nuz.uz порталына сілтеме жасап.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, өзбек студенттері әлеуметтік желіде видео жариялап, өздерін жергілікті жастар үнемі ұрып-соғатынына шағымданған және олардың үндеуі қоғам мен дипломаттардың да назарына іліккен.

Нәтижесінде, 21 қыркүйек күні Шымкенттегі аталған университетте Өзбекстан елшісі С.Ниязходжаев, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, аталған университет ректоры С.Боранбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ш.Пулатов пен Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласы бойынша төрағасының орынбасары М.Халмурадов және Қазақстандағы өзбектердің "Дустлик" этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов сынды лауазымды тұлғалардың қатысуымен кездесу өткен.

Аталған кездесуге жиналғандар болашақта осындай жағдайларды болдырмау шараларын сөз етіп, істі Қазақстандағы Өзбекстанның елшілігі және Шымкент қаласын да қамтитын Алматыдағы Бас консулдығы өз бақылауына алған. Ал, бас консулдық өкілдері ҚР СІМ бұйрығымен облыс басшылығы және университетпен байланыс орнату үшін Шымкентке аттанды.

Сондай-ақ, студенттерге олардың елшілік деңгейінде қорғауға алынғандары жеткізілген. Сонымен қатар, мәселені шешуге өзбек дипломаттарына жан-жақты қолдау көрсеткен жергілікті билік те белсене қатысуда.