Шымкентте жігітімен жанжалдасып қалған қыз үшінші қабаттан секірмек болды (видео)

0
555

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша тіркелді.


Шымкентте жігітімен жанжалдасып қалған қыз үшінші қабаттан секірмек болды (видео)
фото: видеодан скриншот
Шымкенттік полицейлер 3 қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ведомство мәліметінше, 3 шілде күні сағат 21:40 шамасында қаладағы қонақ үйлердің бірінің 3 қабатынан бойжеткеннің секірейін деп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған шақыртуға Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, 23 жастағы қыздың өміріне араша болды.

"Полиция аға лейтенанттары Қанат Рысбаев пен Оралбек Ташимбетов өз өмірлерін қатерге тігіп, қызды суицид жасаудан құтқарып қалды. Сұрастыра келе қыздың сөз байласқан жігітімен жанжалдасып қалғаны белгілі болды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша тіркелді.