Шымкентте жиһаз цехында өрт шықты

0
757

Өрттің жалпы көлемі 290 шаршы метрді құрады.


Шымкентте жиһаз цехында өрт шықты

Шымкент қаласында жиһаз цехында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 13 қараша күні сағат 12:10-да Еңбекші ауданындағы нөмерсіз Қойкелді батыр көшесінде орын алған.

"Алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері жалпы ауданы 750 шаршы метрді құрайтын жиһаз цехының шатырының жануын анықтады. Өрттің жалпы көлемі 290 шаршы метрді құрады. Өрт 13.00-де оқшауланып, 13.31-де жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 38 қызметкері мен 9 техника бірлігі, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы жұмылдырылды.