Шымкентте жоғалған бала табылды

0
786

Жоғалған бала түнгі сағат 2-ге дейін досының үйінде болған.


Шымкентте жоғалған бала табылды

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері 3 сағаттық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған баланы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында жергілікті тұрғын жұмыстан оралған кезінде, үйінде кәмелетке толмаған ұлының жоқ екенін байқап, өз күшімен баланы табуға тырысқан. Алайда ешқандай нәтиже шықпағандықтан, полицияға хабарласып, көмекке шақырған.

Полиция қызметкерлері бірден баланы іздеуге кірісіп, үш сағат бойы жақын маңдағы аумақтарды аралап, жергілікті тұрғындардан сұрастырған.

Нәтижесінде, түнгі сағат 2-де бала досының үйінен табылды.

Өз кезегінде баланың анасы полицияға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға қырағылық көрсетіп, өз балаларына аса көңіл бөлу және оларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.