Шымкентте жоғалып кеткен 9 жасар қыз табылды

0
2 302

Қыз шамамен 13:00 кезінде мектепке шығып кетіп, қайта оралмаған.


Шымкентте жоғалып кеткен 9 жасар қыз табылды

Жоғалған қызы аман-есен табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының тұрғыны 9 жасар қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданған.

Анасының айтуынша, қызы шамамен 13:00 кезінде мектепке шығып кетіп, қайта оралмаған.

Аталған жайт бойынша әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріскен.

Тәртіп сақшылары баланың ата-анасынан кішкентайдың фотосуретін алып, іздестірген.

Нәтижесінде 4-сынып оқушысы сағат 21:38 шамасында «Спорт» шағын ауданынан аман-есен табылды.

Тәртіп сақшылары балаларды назардан тыс қалдырмауын сұрайды.

Сондай-ақ 26 қаңтар күні Шымкент қаласы Бозарық елді мекені Дирмен көшесінің тұрғыны Қаратау ауданы полиция басқармасына келіп, жасөспірім қызының жоғалғанын айтқан.

Анасының айтуынша, қызы таңғы сағат 08:30 шамасында үйден мектепке шығып кетіп, қайта оралмаған. Арыз бойынша аталған мекенжайға басқарманың жедел-тергеу тобы шығып, іздеу шараларын бастаған.

Жедел іздестіру нәтижесінде мектеп оқушысы Шымкент қаласы Ғ.Иляев көшесінің бойында орналасқан «Динамо» стадионы аумағынан аман-есен табылды.