Шымкентте жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді көлік қағып кетті

0
1 176

Жасөспірімнің бірі алған дене жарақаттарымен Шымкент қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.


Шымкентте жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді көлік қағып кетті

фото: әлеуметтік желіден

Шымкент қаласы көшелерінің бірінде жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді «Hundai Accent» маркалы автокөлігі қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"5-мамырында таңғы сағат 8.00 шамасында «Hundai Accent» маркалы автокөлігі Әл-Фараби көшесі бойымен бағытталуы барысында Қ.Сыздықов көшесіне бұрылмақшы болып тұрған «Nexia» маркалы автокөлікпен соқтығыспау мақсатында оңға бұрылып, қиылыстағы тұрған жүргіншілерге арналған бағдаршамды және жолдың жиегінде жаяу жүргіншілердің жолағына шықпақшы болған екі жасөспірімді, соңынан жолдың жиегінде тұрған электр бағанын соққан" - деп жазылған хабарламада.

Жасөспірімнің бірі алған дене жарақаттарымен Шымкент қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Ал екінші жасөспірімге медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылған.

Аталған жайт бойынша жол-көлік оқиғасын жасаған азаматқа ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылған. Екі автокөлік те айыптұраққа қойылған.