Шымкентте жолайрық құрылысының 20%-ы аяқталды

0
755

Жоба 3 кезеңнен тұрады.


Шымкентте жолайрық құрылысының 20%-ы аяқталды

Шымкент қаласында Т.Рысқұлов- Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылыс жұмыстары 15 қазаннан басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда 1 кезең бойынша жоспарланған жұмыстың 20 пайызы орындалды. 500 метр су және газ құбырларының орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған 105 темір бетонды қадалардың 39-ы бетоннан құйылды. Сондай-ақ, 4200 м 3 тоннель қазу жұмыстары орындалды.

Сонымен қатар уақытша жоғары вольтты электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.