Шымкентте жолаушылар отырған автобус аударылып қалды

0
1 374

Автобус бүгін таңертеңгі уақытта аударылған.


Шымкентте жолаушылар отырған автобус аударылып қалды

Шымкент қаласында жолаушылар отырған қоғамдық көлік аударылып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Шымкент қаласындағы Астана даңғылы мен Бәйтереков көшесінің қиылысында орны алған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді Шымкент қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.