Шымкентте жолаушыларға "сәттілік тілейтін" азамат екі автобус ортасында қалып, мерт болды

0
1 191

Ауруханаға жеткізілген тағы бір науқас – автобус жүргізушісі. 1995 жылғы ер азаматың бас миы жеңіл жарақат алған.


Шымкентте жолаушыларға

ERNUR.KZ. Шымкентте жолаушыларға сәт-сапар тілеп, нәпақа тауып жүрген азамат көлік апатының салдарынан мерт болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 47 жастағы жолаушы екі автобустың ортасында қалып қойған. Жедел жәрдем қызметі оны дереу алып кеткенімен, ақ халаттылар ер кісінің өміріне араша болып қала алмады.

Ауруханаға жеткізілген тағы бір науқас – автобус жүргізушісі. 1995 жылғы ер азаматың бас миы жеңіл жарақат алған.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілген ол өзінің қалауымен үйіне жіберілді.

Екі автобустың ортасында қалып қойған 47 жастағы азамат көпшілік арасында «Жол болсын!» деген тілек пен бата тілеп, көпшіліктен ақша сұраумен танымал болған азамат. Жол-көлік апатына қатысты полицейлер қылмыстық істі тіркеді, тергеу амалдары қарастырылатын болады.

Айта кетейік, кеше Шымкенттегі «Қырғы базар» аумағында түскі уақытта екі жолаушылар автобусы соғысып арасында адам қалып қойғаны туралы жазған болатынбыз.