Шымкентте "Жомарт Жүрек" қайырымдылық акциясы өтті​

0
2 426

Халық қалаулысы қаламыздағы 89, 90, 57 жəне 58 жалпы орта мектептің əрқайсысының аз қамтылған отбасының 10 оқушысына мектеп формасын сыйға табыстады.


Шымкентте

Бүгін "Асар" мөлтек ауданындағы 89 нөмірлі мектеп лицейінде "Жомарт Жүрек" атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Онда қалалық мəслихат депутаты Талғат Əмірбеков қаламыздағы 89, 90, 57 жəне 58 жалпы орта мектептің əрқайсысының аз қамтылған отбасының 10 оқушысына мектеп формасын сыйға табыстады. Өз кезегінде мектеп ұжымы депутатқа алғыс білдірді.