Шымкентте жүк көлігі аударылып үш бірдей көлікті басып қалды​

0
667

ГАЗ-53 жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.


Шымкентте жүк көлігі аударылып үш бірдей көлікті басып қалды​

сурет: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Шымкент қаласында ГАЗ-53 жүк көлігі аударылып, үш бірдей көлікті басып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

13 сәуірде Рашидов көшесімен келе жатқан ГАЗ-53 жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан жүк көлігі көлік жуу орнының жанында тұрған үш көліктің үстіне құлаған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен “Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы” әкімшілік хаттама толтырылды”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданады.