​Шымкентте жүрегі тоқтап қалған әжейді дәрігерлер тірілтіп алды

0
1 399

90 жастағы кейуана инфаркт алған.


​Шымкентте жүрегі тоқтап қалған  әжейді дәрігерлер тірілтіп алды

иллюстрациялық фото

Шымкент қаласында жүрегі тоқтап қалған 90 жастағы әжейді дәрігерлер қайта тірілдіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясына 4 қаңтар күні сағат таңғы 05.30 шамасында 90 жастағы қарт әжейдің жүрегі тоқтап ес-түссіз жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Науқасқа шұғыл жеткен жедел жәрдем дәрігерлері кейуананың инфаркт алғанын анықтап, шұғыл түрде реанимациялық ем дом көрсеткен. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде 90 жастағы жүрегі тоқтап қалған азаматшаның жүрек қағысы қалпына келген. Жедел жәрдем бригадасы инфаркт алған әжейді Шымкент қалалық кардиологиялық орталығына жеткізген.

Қазір бір өліп-тірілген тоқсандағы қария аталған емдеу мекемесінде ем қабылдауда.