Шымкентте жыл басынан бері 6 мыңнан астам жас некеге тұрды

0
358

Былтырғы жылы жалпы 4302 азамат отбасын құрған.


Шымкентте жыл басынан бері 6 мыңнан астам жас некеге тұрды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында жыл басынан бері 6 мыңнан аса жұп отбасын құрды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында азаматтық құқықтық актілерін тіркеу бойынша 2021 жылдың 9 айына жалпы 21 550 хаттар қаралып, 50 850 азаматтық хал актілері тіркелген.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімі 8 түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Қызметтерді үйден шықпай-ақ, онлайн түрде алуға жағдай жасалған. Цифрлық жүйе арқылы некеге тұруға өтініш берген жұп АХАТ бөліміне бір айдан кейін құжаттарын алуға ғана келеді.
Айта кетсек, былтырғы жылы жалпы 4302 азамат отбасын құрса, жыл басынан бері 6068 мың жұп отбасын құрған.