Шымкентте жыл басынан бері мыңға жуық әскери билет берілді

0
420

Әскери билет жоғалған жағдайда оны eGov порталы арқылы немесе ХҚО жүгіну арқылы қалпына келтіруге болады.


Шымкентте жыл басынан бері мыңға жуық әскери билет берілді

Жыл басынан бері Шымкент қаласының ХҚО-лары арқылы 900 әскери билет берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері әскери билетті жоғалған жағдайда қалай тез қалпына келтіру керекітігін хабарлады. Оны екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО жүгіну арқылы қалпына келтіруге болады.

Әскери билетті eGov арқылы қалпына келтіру үшін порталда авторизациядан өтіп, «Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру» қызметін таңдау қажет. Бұдан кейін «Қызметтерге онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою қажет болатын арнайы өтінімді толтырасыз.
Қызмет тегін, қызмет көрсету мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін.
Егер сіз «Әскери билетті» ХҚО арқылы қалпына келтіруді шешсеңіз, онда сізге құжаттар тізбесін жинау қажет болады. Қандай құжаттар қажет екенін ХҚО кеңесшілерінен немесе 1414 нөмірі бойынша білуге болады.
Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні.
ХҚО-ға жүгінген кезде, өзіңізбен бірге талаптарға сай түсірілген 3х4 фотосуреті болуы керек. Сондай-ақ фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде түсірілуі тиіс, адамның бет-жүзі жалпы фотоалаңының 70%-ын алуы тиіс.