Шымкентте «Жыл кітаптары» таңдалды

0
2 515

Жыл кітабы болуға лайық деп Х.Есенқарақызының «Жібек» шығармасы, З.Қыстаубайұлының пьесалары, С.Исақ «Тұлдыр тағдыр» мен Д.Танабаевтың «Мәуелі бақ» еңбектері, жас ақын Ә.Әлішердің «Мені құшақта» кітаптары таңдалды.


Шымкентте «Жыл кітаптары» таңдалды

Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жыл кітаптары» атты әдеби кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы – оқырмандар арасында кеңінен танымал жоба. Бұл жобаның мақсаты – әдеби туындыларды насихаттай отырып, оқырман қызығушылығын арттырып, кітап қорын көбейту.


Шарада кеш қонақтары «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тақырыбымен таңдалған кітаптар жайлы талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.


«Бір қала – бір кітап» акциясы бойынша Шымкент қаласының 2021 жылға насихаттайтын жыл кітабын таңдау үшін қаламгерлер, кітапхана қызметкерлері және оқырман қауым өз ұсыныстарын білдірді. Жыл кітабы болуға сай деп тапқан кітаптар туралы ойларын ортаға салды.


Көпшілік қауымның және «Отырар» кітапханасының әлеуметтік парақшаларындағы оқырман пікірлерін ескере отырып, поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті бойынша 2021 жылдың жыл кітабы болуға лайық деп Х.Есенқарақызының «Жібек» шығармасы, З.Қыстаубайұлының пьесалары, С.Исақ «Тұлдыр тағдыр» мен Д.Танабаевтың «Мәуелі бақ» еңбектері, жас ақын Ә.Әлішердің «Мені құшақта» кітаптары таңдалды.


Әдемі әдеби кеш соңында «Отырар» кітапханасының директоры А.Жаппарқұлова сөз алып, жыл кітабына лайық деп таңдалған еңбек иелерін құттықтап, шараны қорытындылады.