Шымкентте жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

0
849

Алдағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысын жүргізу бойынша арнайы жоспар әзірленген.


Шымкентте жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

Шымкентте жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
– Президент білім беру саласына басымдық берді. Қазір қалада 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 5100 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы мұғалімдер мен тәрбишілердің еңбекақысы 25 пайызға көтерілді. Келесі жылы тағы 25 пайызға көбейеді, – деді М.Дүйсенбекұлы.

Шаһар басшысының айтуынша, алдағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысын жүргізу бойынша арнайы жоспар әзірленген. Осының есебінен ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі.
Мұнымен қоса, әлдемдік пандемия тұсында қашықтан оқуды ұйымдастыру мақсатында осы жылы 47 330 компьютер алынған. Нәтижесінде, бұл – жыл басында 28 оқушыға бір компьютер келсе, бүгінде 4 оқушыға бір компьютерден келеді деген сөз.