​Шымкентте жылу тарифтері өзгермейді

0
1 049

Көп қабатты үйлердің тұрғындары үшін абонент құны 146 теңгені құрайды.


​Шымкентте жылу тарифтері өзгермейді

ERNUR.KZ: Шымкентте жылу беру құны өткен жылғы тарифпен қалатын болды. Биыл 2017-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында 9 аймақта 11 шақырым жылу желілері ауыстырылған. Осы мақсатта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 104 млн теңге жұмсалып, 8 шақырымдық желілер жаңартылды.

Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындардың басшыларының мәліметінше, көп қабатты үйлердің тұрғындары үшін абонент құны 146 теңгені құрайды. Жылумен жабдықтаушы қызметкерлердің айтуынша, бұл ең алдымен жылу энергиясын дамыту және тасымалдау жөніндегі ұйымдардың шығындарымен байланысты. Біріншіден, ЖЭО-3 жылу компаниясы қаладан 19 шақырым жерде орналасқан. Екінші себеп, қаланың және ЖЭО орналасқан жердің арасындағы айырмашылық 72 метр. Жылу желісі арқылы ыстық суға жету үшін 4 сору құрылғысы пайдаланылады. Мұндай қосымша шығындар жылына 500 млн теңгені құрайды.
Сондай-ақ, «Нұрсәт» ықшам ауданының алабында бұрындары сыйымдылығы 160 гигакалория шығаруға қабілетті құрылғы 200 гигакалория жылу тарататын құрылғыға ауыстыратылатын болды.

Дереккөз: Шымкент онлайн әлеуметтік желісі.