Шымкенттегі 13 санитарлық бекетте медицина мамандары үш ауысымда жұмыс істейді

0
1 423

Медицина мамандары 8 сағат сайын ауысып, үш ауысымда жұмыс істейді.


Шымкенттегі 13 санитарлық бекетте медицина мамандары үш ауысымда жұмыс істейді

Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекетте медицина мамандары тәулік бойы кезекшілікте тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалаға кірген көліктер тоқтатылып, дәрігерлер жүргізушіден бастап жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Бұл үшін қаланың кірме жолдарындағы блок-бекеттерде 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы (13 бірлік санитарлық автокөлік, 13 фельдшер ЖМК, 13 жүргізуші), 45 орта медициналық қызметкер (фельдшер, медбике) жұмылдырылған. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер байланыссыз термометрлермен толық қамтамасыз етілген. Санитарлық бекеттер талапқа сай жұмыс істеуде.

Айта кетейік, медицина мамандары 8 сағат сайын ауысып, үш ауысымда жұмыс істейді.