Шымкенттегі 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

0
782

3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, бүгінде ағалы-інілі екеуінің де жағдайлары жақсы.


Шымкенттегі 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Отаны аурухананың бас дәрігері-трансплантолог Абылай Донбай жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Досымовтар жанұясында 1992 жылғы інісі өзінің туған ағасына донор болған. Науқас бір жылдан бері гемадиализ алып келген, яғни жасанды аппаратпен жүрген.
3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, бүгінде ағалы-інілі екеуінің де жағдайлары жақсы.
«Шымкент қаласында мыңға жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Олардың барлығы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Біздің мақсатымыз осы науқастардың санын азайтып, толыққанды өмір сүруіне ықпал жасау» - дейді бас дәрігер.
Бас дәрігер пандемия кезінде де жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты.