Шымкенттегі айналма үй фотостудиясынан өрт шықты (видео)

0
634

Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.


Шымкенттегі айналма үй фотостудиясынан өрт шықты (видео)

Шымкент қаласындағы айналма үй фотостудиясынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

20 қаңтар күні сағат 18:24-те Шымкент қаласындағы «Қиял Әлемі» саябағының аумағында жалпы көлемі 150 шаршы метр айналма үй фотостудиясының 15 шаршы метр төбе жаппасы жанды.


Өрт сағат 18:34-те оқшауланып, сағат 18:51-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 23 адам, апаттар медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.