Шымкенттегі әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жаңа құралдармен толықты

0
803

Жыл соңына дейін қосымша 12 медициналық аппаратпен қамтылатын болады.


Шымкенттегі әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жаңа құралдармен толықты

Шымкент қаласындағы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жарықпен емдеу тәсілі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орталыққа жаңадан сатып алынған «Биоптрон» медициналық құралының көмегімен қызмет алушылар арасында тыныс алу мүшелері мен буын, бұлшық еттердің ауруларын емдеу мүмкін болып отыр.

«Орталықтың медициналық аппаратпен қамтамасыз етілуі емдік шараларын жүргізуде үлкен көмегін тигізіп отыр. Мәселен, жарықпен емдеу әдісі қауіпсіз әрі зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді, жаралардың жазылуын жеделдетеді, иммундық жүйені нығайтады, микроциркуляцияны жақсартады және ауырсыну қарқындылығын азайтады. Орталықта оған қоса стоматологиялық кабинеттің арнайы құрал-жабдықтары жаңартылып, жоғары сапалы деңгейде тіс ауруларын емдеудеміз», - дейді әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының дәрігері Е.Байғұтова.
Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 орталық жеке күтім және бақылауды қажет ететін 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда 135 балаға тәулік бойы тұрақты стационар жағдайында және 95 балаға жартылай стационарда қызмет көрсетілуде.
Медициналық қызмет көрсетуден бөлек, емдік массаж, физиотерапиялық ем, психологиялық көмек, монтессори әдісі қолданылып, қызмет алушы әрбір балаға әлеуметтік-оңалту шаралары жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларға емдік шараларын көрсету мақсатында орталық жыл соңына дейін қосымша 12 медициналық аппаратпен қамтылатын болады.