​Шымкенттегі автобөлшектер базарынан өрт шықты

0
2 522

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


​Шымкенттегі автобөлшектер базарынан өрт шықты

Шымкент қаласындағы «Тұлпар-Шымкент» ЖШС аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 наурызда Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Тұлпар-Шымкент» ЖШС аумағында өрт шықты.

Автобөлшектер базарының аумағында орналасқан жалпы көлемі 600 ш.м. қойманың ішінде көлемі 200 ш.м. автобөлшектер мен аксесуарлар жанған.

Өрт сағат 00:03-те оқшауланып, сағат 01:23-те өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 35 адам және 5 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.